Текст
2019 жылдың 27-29 қараша күндері Бурабай ауданының Қатаркөл ауылындағы «Звездный» БСО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыру аясында Тұңғыш Президент күніне арналған Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы өтті.
Форумның мақсаты – оқушылардың өлкетану қызметін қолдау, олардың белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасын сақтау ісіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету.
Форум қорытындысы бойынша «Менің өлкемдегі айтулы күндер күнтізбесі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және алғыс хатпен Мәдениет орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жұлдыз Бекболатқызы Нұрмақанова марапатталды.