Заманауи мектеп үшін дарынды балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелері ерекше маңызға ие. Дарынды балалармен жүйелі, жоспарлы жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне, осы саладағы проблемаларға арналған «ЖМБ және ҚГБ пәндері бойынша олимпиадалық есептерді шешу және олимпиадалық тапсырмаларды орындау» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинар Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Оқу-әдістемелік кабинетінің бастамасымен және басшылығымен 2019 жылдың 29 қарашасында біздің ауданымыздың Балкашин №1ОМ базасында ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Зеренді, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандарының пән мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысы барысында әр түрлі форматтағы педагогтар (коучинг, шеберлік сыныптары, сөз сөйлеу) өз ойларымен бөлісті.
Пленарлық бөлімінде облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Күшпаева Гүлнар Бүркітбайқызы өзінің «Заманауи жағдайда дарынды балалармен жұмыс атқару жүйесі» атты баяндамасында дарынды балаларды әртүрлі деңгейдегі зияткерлік бағыттағы олимпиадаларға дайындаудың өзектілігін, облыстың барлық педагогтары ынтымақтастығының маңыздылығын тағы да атап өтті.
Соңында осы бағыттағы жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін ұсыныстар әзірленіп, қабылданды. Семинардың барлық қатысушылары өткізілген іс-шараның жоғары тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.