«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұланбасы» аудандық конкурсы

13.12.2019

"Жас Ұлан" – бұл Қазақстан Республикасының басты мақсатқа – өз Отанына пайдалы, адамзаттың ең үздік мұраттарына, өз халқы мен отбасының, достықтың, ар-намыстың, жақсылық пен әділдіктің дәстүрлеріне адал болуға ұмтылған жас азаматтарының ерікті қауымдастығы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында а.ж. 13 желтоқсанында «Балкашин №2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің базасында «Ұланбасы» аудандық конкурсы – Сандықтау ауданының «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшысын сайлау өтті, онда сайлауалды науқанының қорытындысы анықталып, үміткерлер арасынан ең лайықтысы сайланды.

2019 жылдың қараша айында байқаудың 1 кезеңі – мектепішілік көшбасшы сайлауы өтті, 2 кезеңде барлық ниет білдірушілер Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн-дауыс беруге қатыса алды. Сандықтау ауданының «Ұланбасы» конкурсына қатысуға арналған дауыс беру қорытындысы бойынша ауданның 7 мектебінен көшбасшы-оқушылар іріктелді: Красная поляна орта мектебінің оқушысы – Асхабов Эмир, Балкашин №1 орта мектебінің оқушысы – Касымова Камила, Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің оқушысы – Ким Алмаз, Петровка негізгі мектебінің оқушысы – Байжігітова Сабина, Балкашин №2 орта мектебінің оқушысы – Кондрашина Дарья, Спасское негізгі мектебінің оқушысы – Сунцова Валерия, Лесное орта мектебінің оқушысы – Батяев Виктор.

Үшінші кезеңде сайланған үміткерлер өздерін және өздерінің «Жас Ұлан» мектеп ұйымының жұмысымен таныстырды. Бұдан кейін қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, ең көп ұпай жинаған көшбасшыны жариялады. «Сандықтау ауданының Ұланбасы» конкурсының жеңімпазы Балкашин №1 орта мектебінің оқушысы Камила Қасымова атанды.

Әрбір көшбасшыда өзінің лайықты командасы бар, оның күші – әрбір қатысушы екені баршаға мәлім. Ұланбасы куәлігі мен айырым белгісін тапсырғаннан кейін басқа үміткерлерге "Ұланбасы" орынбасарларының міндеттері түрлі бағыттар бойынша жүктелді.

Елбасы Жарлығымен 2019 жыл жас ұрпаққа арналды. Біз бүгінгі таңда Қазақстан жастары еліміздің болашағын айқындай алатынына сенеміз.  Өйткені, көптеген балалар тек қатысушылар ғана емес, біздің кіші Отанымыздың дамуына бағытталған түрлі акциялар мен іс-шаралардың бастамашысы болып табылады. Олар алға қойылған мақсаттар мен елеулі нәтижелерге қол жеткізеді, табысқа және көрнекті биіктерге жетеді.

Сандықтау ауданының жастарына тек сәттілік тілейміз!

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст