«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

17.01.2020

2020 жылдың 15 қаңтарында Сандықтау ауданында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды. 16 қаңтарда мектептік тасымалдауды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі, Сандықтау ауданының әкімшілік полиция бөлімі «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасына бірлесіп қатысты.

Полиция қызметкерлері автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін зерттеді, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ бұзушылығына жол бермеу, сондай-ақ балаларды отырғызу және түсіру кезінде міндетті түрде апаттық белгі беруді қолдану тақырыбына мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқаулық жүргізді, автокөліктегі өрттің алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

2020 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасатын республикалық акция аясында балаларды мектепке және үйге қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және т.б. бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Іс-шараларға қатысуға ата-аналар қауымдастығы, ҮЕҰ және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылатын болады.

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст