Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын (бұдан әрі қарай – Қағидалар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ келесі бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды:
- ғылыми-техникалық;
- туризм және өлкетану;
- экологиялық-биологиялық;
- көркемдік-эстетикалық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- гуманитарлық бағыт (тіл курстары);
- жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).
Конкурсқа қатысу үшін а.ж. 12 сәуірге дейін (қоса алғанда) «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-ге құжаттарды әзірлеп, тапсыру керек.
Қағидалардың 67-т. сәйкес, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іскеасыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтайшартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының
көшірмелері;
5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама)
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі (біліктілік санаты берілгендігі туралы куәлік);
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда: балалардың осы бағыттағы жетістіктерін растайтын дипломдар, фотолар, грамоталар) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
Қағидалардың 69-т. сәйкес, құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 13 сәуірден бастап 2023 жылдың 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) жүрізіледі.
Қағидалардың 70-т. сәйкес, Комиссия құжаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған (тігілген, нөмірленген, ұйым басшысының қолымен расталған) құжаттарды қарайды.