Ағымдағы жылдың 30 қаңтар және 2 ақпан күндері аралығында Балкашин ауылында «Жастар» облыстық спартакиадасы аясында волейболдан жарыс өтті, оған Ақмола облысының 14 ауданы қатысты: Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласының командалары және біздің Сандықтау ауданының командасы. «Болашақ» БЖК және Балкашин №1 ОМ спорт залдарында ойындар басталды. Тартысты сайыста Егіндікөл, Бұланды және Сандықтау аудандарының командалары финалға шықты. 1 орынды Егіндікөл ауданының командасы, 2 орынды Сандықтау ауданының командасы, 3 орынды Бұланды ауданының командасы иеленді. Марапаттауға Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қадырова Гүлнар Ерғалиқызы қатысты.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ескерткіш кубоктар, алқалар мен грамоталар табыс етілді.