«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандармен жұмыс – әдістемелік жұмыстың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі

08.12.2023

Жас мамандармен жұмыс – әдістемелік жұмыстың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ол жас мұғалімдердің педагогикалық қызметінде кездесетін ең кең таралған оқу-дидактикалық қиындықтарды талдауға арналған . Ауданда жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың басым бөлігі «Жас мұғалімдер одағы»-мен бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Бүгін 5 - желтоқсанда Балкашино ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Жас педагогтар» бірлестігінің жұмысы өтті. Жұмыс күні көрісуден басталып , кейін жас мұғалімдерге мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен ашық сабақтар ұсынылды. «Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында коучинг өткізілді, ата-аналар, мұғалімдер робототехника бойынша шеберлік сағаттарға белсенді қатысты. Жұмыс күнінің соңында тимбилдинг әдісімен, қатысушыларды ұжымдастыру мақсатында «Бір мақсат. Бір мүдде!» тақырыбында топтық жұмыс өтті. Барлық жұмыстар мұғалімдердің әдістемелік белсенділігінің деңгейін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға септігін тигізіп, Балкашино ауылының №2 ЖОББ мектеп ұжымының жұмыс тәжірибесінің жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалып, алдағы жұмыстардың мақсаттары белгіленді.

Просмотров: 1954


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст