«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының аудандық кезеңі

20.12.2023

20 желтоқсан күні Балкашин а. №2 ЖОББ мектеп базасында «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының аудандық кезеңі  өткізілді. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.

Турнир «Инверстік сызық бойымен» санаты бойынша өткізілді. 

Турнир қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Максимовка а. ЖОББ мектебінің оқушылары Менченкова Диана,Коволева Инна марапатталды.

ІІ -дәрежелі дипломмен Балкашин а. №1 ЖОББ мектебінің оқушылары Жуманов Мадияр, Қуанышбек Досымбек марапатталды.

ІІІ -дәрежелі дипломмен Каменка а. ЖОББ мектебінің оқушылары Духно Денис пен Некрасова Виктория марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз. Байқауға қатысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!

Просмотров: 1603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст