«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар конференциясы

05.01.2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың оның ішінде қылмыстың алдын алу туралы ауданның білім бөлімі мен мектептердің тұрақты назарында.

Бүгін, 2024 жылғы 5 қаңтарда Балкашино ауылында "Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу" атты ата-аналар конференциясы өтті.  Конференция жұмысына Ақмола облысының ПД, білім беру қызметкерлері, ата-аналар қауымы, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі,кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өкілі , орталық аудандық аурухананың өкілдері қатысты. Конференцияның модераторы білім бөлімінің басшысы А. О. Әбенова болды, ол сондай-ақ аудан мектептерінде құқық бұзушылықтың, мектеп ортасындағы қылмыстың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

            Ақмола облысы ПД ППП полиция подполковнигі Р. Т. Курсанова қатысушыларға балалар мен жастар арасындағы химиялық тәуелділіктіңтүрлері туралы ақпарат берді. Педагогтарға кәмелетке толмағандардың есірткі мас күйі анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритімінің жадынамалары таратылды. Оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы пайдалы ақпаратпен Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы азаматтық қорғау майоры А. Н. Жанғожин бөлісті.

               Сандықтау ауданы полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Б.Т. Сейтжанов 2023 жылы атқарылған жұмыстары, жасөспірімдер мен жастар ортасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу нәтижелерімен бөлісті. Конференцияға қатысушылардың алдында аудандық аурухананың СӨС медбикесі В. А. Евланенкова "жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу" тақырыбында баяндама жасады.          

               Жұмыс барысында ата-аналар баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындауын, қандай жауапкершілік көзделетінің, отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың қылмысқа тартылуын анықтау, "Интернет" желісінде қауіпсіздендіру, психоактивті заттарды қолданудың алдын алудың қандай әдістері бар екенін және өздерін, жақындарын маусымдық аурулардан қалай қорғау керектігін білді.

               Конференция жұмысын қорытындылай келе, ата-аналарға баланы лайықты тәрбиелегені және оған шығармашылық қабілеттерін дамытқаны, мектептің қоғамдық өміріне қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді. Біз ең бастысы – жеке мысал екенін түсінуіміз керек: дұрыс тамақтану, үйлесімді қарым-қатынас, салауатты өмір салты. Әрине, мұндай іс-шаралар қажет.

Просмотров: 1244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст