«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пікір сайыс турнирі

19.01.2024

Бүгін, 2024 жылдың 19 қаңтарында пікір сайысы алаңдарында қызу өтті, өйткені пікір сайыс клубының қатысушылары, аудан мектептерінің өкілдері: Веселое а. ЖОББМ, Новоникольское а. ЖОББМ, Красная поляна а. ЖОББМ, Лесное а. ЖОББМ, Балкашино а. №2 ЖОББМ, Петровка а. НОМ, Сандықтау а. ЖОББМ  өз көзқарастарын қорғады. Максимовка а. ЖОББМ

Ақтық ойынға шығу үшін командалар іріктеу кезеңінен өтті, онда ең үздік төрт команда Веселое ауылының мектебі мен Лесное ауылының мектебі болды. Петровка ауылының мектебі мен  Сандықтау ауылының мектебі жартылай ақтық ойында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде ақтық ойында Лесное ауылы мектебі мен  Сандықтау ауылының мектептері пікір сайыс клубының өкілдері кездесті. Айтып өтетін болсақ, ойындар Американдық парламенттік пікір сайыс форматында өтті, ал талқылауға арналған тақырыптар құқықтық сала санатынан болды. Қорытынды ойынның шешімі «Заң – еркіндік өлшемі. Бостандық толық болуы керек пе?». Философ Демокрит айтқандай: «Ештеңеге үміттенбейтін және ештеңеден қорықпайтын адам еркін». Ал, Вольтердің ойы мен айтуы бойынша, «Бостандық тек заңдарға тәуелді болудан тұрады».

Біздің финалистеріміздің құрметіне орай, олар өз тапсырмаларын дәлелдеп, орындап, қарсыластарына өз сенімдерін дәлелдеді.

Бірақ ойын бұл - ойын ғой, аз да болса алда болатын адам сәлде болсада алда болады. Нәтижесінде  Лесное ауылының мектебінің командасын қуантты, өйткені олар турнир жеңімпазы атанды. Екінші орын аз ғана айырмамен Сандықтау ауылының ЖОББМ  келген спикерлер командасына бұйырды. Ал,  құрметті 3-орын Веселое ауылындағы жалпы орта мектебі мен Петровка ауылындағы негізгі орта мектебі бөлісті.

Бүгін біз ертең дұрыс әрекет ету үшін құқықтық сипаттағы тақырыптарды талқыладық! Біз барлық балаларды ойынмен құттықтаймыз және алдағы уақытта сіздермен  кездесуге үміттенеміз.

Просмотров: 744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст