Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Веселое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында аудандық жас педагогтар форумы өтті. Оған аудан мектептерінен 40-қа жуық педагогтар қатысты. Веселое ауылы мектебінің тәжірибелі педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақ ұйымдастырды.
Форумның басты мақсаты - жас педагогтарды одан әрі дамытуға және табысты мансапқа ыңталандыру.
Мұғалімдер тәжірибелі әріптестерін естіп, шеберлік сабақтарына қатысты.
Жас мұғалімдерге арналған мұндай іс-шаралар өте пайдалы, өйткені үлкен жұмыс өтілі бар мұғалімдерден алынған ақпаратты жас ұрпақ үшін мотивация ретінде пайдалануға болады. Жас мұғалім технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болуы керек. Тәжірибелі әріптестерден білім ала отырып, біз алдыңғыға қарағанда жақсы болатын лайықты ұрпақ өсіре аламыз.