2024 жылдың 5 ақпанында «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Сандықтау ауданының білім қызметкерлері кәсіподағының филиалы арасында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы аудандық келісімге, білім беру қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу бойынша әлеуметтік әріптестік туралы қол қойылды. Саладағы еңбек қатынастарына қатысушылар үшін маңызды құқықтық актіге қол қоюшылар: жұмыс берушілерден – білім бөлімінің басшысы А.Абенова; жұмысшылардан олардың өкілі, кәсіподақ ұйымының Сандықтау филиалының төрағасы М.Аубаева.
Келісім – білім беру саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің жалпы шарттарын, оларға кепілдіктерді, өтемақылар мен жеңілдіктерді белгілейтін құқықтық акт.
Келісім салалық деңгейде әлеуметтік әріптестікті дамыту, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдерінің тең сындарлы диалогын қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсартуға, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, әлеуметтік кепілдіктерді , кәсіподақтардың қызметіне кепілдіктер қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үлкен маңызға ие.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 154-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік әріптестік шарты тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.