Текст
2024 жылдың 5-7 ақпаны аралығында жыл бойғы жұмыс істейтін «Жасдәурен» сауықтыру лагерінің базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық командалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Біздің ауданымыздан Балкашино ауылының № 1 мектебінің командасы қатысты, олардың құрамында: 4-сынып оқушысы Қуанышбек Досымбек, 3-сынып оқушысы Баянбай Айару, 2-сынып оқушысы Бағаналы Кенесары. Олимпиада қорытындысы бойынша жекелей есепте команда капитаны Қуанышбек Досымбек үшінші орынға ие болды. Біздің тамаша капитанымызды құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер тілейміз!