«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Чемпиондарға құрмет көрсету рәсімі Армрестлингтен әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Сандықтау ауданының оқушыларына құрмет көрсету рәсімі

07.02.2024

 

           2024 жылдың 7 ақпанында Сандықтау ауданының Балкашино ауылының №1 орта мектебі мен Сандықтау ауылының орта мектеп базасында Әлем кубыгының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған оқушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Армрестлингтен кубогының чемпионы және жүлдегерлері атанған оқушылармен кездесуде Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Жаилганова Сауле Сатубалдинқызы және «Сандықтау-Агро» ЖШС басшысы Тамбовцева Наталья Викторовна болды. Салтанатты шарада ата-аналар мен жеңімпаздарға Сандықтау ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Норвегияда қол күресінен әлем кубогы өтіп, Сандықтау ауылындағы орта мектептің оқушысы Красноштанова Ангелина оң және сол қол күресінен құрметті 1-ші орынды иеленді, ал Балкашино ауылының № 1 орта мектебінің оқушысы Хамзатханов Иса құрметті 2-ші орынды иеленді. Жеңімпаздарды жеңістерімен тағы да құттықтаймыз. Алдағы уақытта бұдан да көп жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 1125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст