«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Келісім комиссиясы мүшелерін оқыту

09.02.2024

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабының 15-тарауының 8-тармағына сәйкес Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасы бойынша білім басқармасымен, салалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім қызметкерлері 2024 жылғы 9 ақпанда келісім комиссиясының жаңадан қабылданған мүшелеріне «Еңбек даулары, олардың туындау себептері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Атбасар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Б.Ыдырысованың қатысуымен Сандықтау ауданының 32 білім беру ұйымдарынан  келісу комиссиясының 84 мүшесі белсенді қатысты. Сонымен қатар семинарға мектеп директорларының орынбасарлары, білім басқармасының заңгері, аудандық білім беру мекемесінің бас маманы және Сандықтау ауданының білім саласының қызметкерлері қатысты.

Оқыту барысында тыңдаушыларға Келісім комиссияларын құру тәртібі, өтініштерді қабылдау тәртібі және өтініштерді қарау және шешім шығару мерзімдері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ семинар барысында еңбек заңнамасы бойынша өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

Просмотров: 1985


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст