«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

19.04.2024

Сандықтау ауданының білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-техникалық - 30 орын

Көркем-эстетикалық - 9 орын

Әлеуметтік-педагогикалық - 4 орын

Жаратылыстану-математикалық - 6 орын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылдың 19-26 сәуір аралығында білім бөліміне төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Білім бөлімі басшысының атына  «Ұлттық білім беру деректер базасы» арқылы ақпараттық жүйесіне енгізілуі туралы өтініш;

2) Бұйрықта көрсетілген үлгі бойынша өтініш

3) Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаның жарғысы,  ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);

4) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

5) Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағат сағаттық жүктемемен;

6) Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)

7) Штаттық кестенің көшірмесі , педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;

8) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнемұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;

10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы, төтенше жағдайлардың алдын алу құжаты.

Аталған құжаттар нөмірленген , реттеліп тігілген , ұйым басшысының  қолы қойылған , мөрімен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылған құжаттар тапсырылады.

 

Просмотров: 2304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст