Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! «Соңғы қоңырау» - өмірдегі ең қызықты мерекелердің бірі. Көп жылдар бойы сіз осы күнде қалған сезімдерді – мектеппен тез арада қоштасудан толқуды да болашаққа деген үмітті те еске алатын боласыз.
Бүгін әр оқушының өміріндегі ұмытылмас және қуанышты күн. Бірақ, әсіресе, мереке иелері үшін өте маңызды мейрам. Биылғы жылы мектептердің 109 түлегі білім туралы құжаттарын алады, ол өмірдегі жаңа кезеңнің басталуын, балалық шақпен қоштасуды және ересек өмірге аяқ басуды білдіреді.
Қымбатты балалар!
Мектепті бітіргеннен кейін сізде ересек жеке өміріңіз басталады. Сіздің алдыңызға өз орныңызды, тұғырыңызды табу міндет қойылады. Не үшін өмір сүретінін білетін және түсінетін адам өз орнын міндетті түрде табады және «кім болу?» сұрағын дұрыс шеше алады.
Алда – емтихандар, жоғары және орта оқу орындарында білім алу. Алда – есею кезі, өз бетінше шешім қабылдап, олар үшін жауапкершілік атқару қажет.
Сіздерге сапалы білім алып, мамандық иесі атануларыңызға тілектеспіз, өйткені қазір кәсіпқойлар уақыты келді. Өзіңізді ерік-жігерлі болуға, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеңіз. Тек осылай ғана сіз ұмтылған мақсатыңызға жете аласыз.
Ауданның барша ұстаздар қауымына зор алғыс білдіреміз! Әр оқушының өміріндегі сіздің рөліңіз өте маңызды. Олардың ақыл-ойы мен жүрегіне қаланған негіздер олардың өмірінің мәні, табыс кепілі болып табылады.
Барлық түлектерге табандылық, табыс және жарқын да бай өмір, мұғалімдерге шығармашылық қуат, шыдамдылық және даналық шешімдер тілейміз, ал ата – аналарға – өз балаларын мақтан тұтып, олардың жеңістеріне қуана берсін дейміз!