Оқу жылының аяқталуының қарсаңында Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткерлермен кездесу өткізді. Үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген 7 мыңнан астам мектеп бітірушіге министр өзінің ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді.
Ғани Бейсембаев мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.
«Білім - бұл кез келген табыстың іргетасы. Сендердің биік мақсаттарға жетуге деген талаптарың мен табандылықтарың қуантады. Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы 186 мың мектеп бітіруші өмірлеріндегі жауапты сәтке қадам басқалы отыр. Әрқайсыларыңыз алдағы емтиханды сәтті тапсырып, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін. Сіздерге білім жолында үнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін»,- деді Ғани Бейсембаев.
Кездесуге сондай-ақ өткен жылғы «Алтын белгі» иегерлері де қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, биылғы үміткерлерді білім шыңына шабыттандырды