Біздің еліміздің әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтену мәселелерін шешу қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Жыл сайын статистикаға сәйкес қосымша қолдауды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді, сондықтан инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу қажеттілігі туындайды. 2024 жылғы 30 мамырда Сандықтау ауылының орта мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Жаилганова С.С., аудандық мәслихат хатшысы Мұстафина Г.С., ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. Кабинет барлық қажетті жабдықтармен безендіріліп, жабдықталған және оқушылардың білім алу процесінің психологиялық және дидактикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, дамудың ерекшеліктеріне байланысты білім беру ортасының кедергілерін ыңғайлы еңсеруге мүмкіндік береді.