Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл балаға ерекше назар аударатын «аймақ», оны әлеуметтік қорғау, сауықтыру уақыты.
Шынайылық мынада, білім беру жүйесі әлеуметтік қызмет бөлімдерімен бірлесе отырып, балалардың демалысы мен сауықтырылуын басты ұйымдастырушы болып қала береді, өйткені жазғы демалыс әлеуметтік қорғау және балалардың шығармашылық дамуы, баланың рухани әлемі мен ақыл-ойының байыту мүмкіндігі.
Жыл сайын аудан мектептерінде жазғы алаңдар мен лагерьлердің жұмысы кіретін аудан мектептері оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыру бағдарламалары жасалады.
Сандықтау ауданының 27 мектебі базасында жазғы лагерьдің 41 онлайн-алаңы құрылды, балаларды қамту 1624 оқушыны құрайды, процеске 111 педагог қатысады. Осы лагерьлердің қызметі 2020 жылдың 1 маусымынан бастап жүргізіледі, осы кезеңде үш жүзге жуық іс-шаралар өткізілді, күн сайын онлайн конкурстар, акциялар, фотожобалар, бейнежобалар, шебер-сыныптар, виртуалды саяхаттар, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізіледі. Іс-шаралар: «Табиғатты аялайық», «Елорда тарихы – ел тарихы», «Біз салауатты өмір салты үшін», «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі», «Наш общий дом – Казахстан!», «Менің жан бойтұмарым – Абайдың өлеңдері», «Пайдалы ойындар», «Алғыс марафоны».