«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

03.07.2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген (http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000746) нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.

Бірінші бағыт: «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында азаматтардың өз бетінше жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті мамандықтарға жаппай оқыту ұйымдастырылатын болады.

ТжКБ-мен кадрлар даярлауға «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар ағымдағы және өткен жылдардың 9-11 сыныптарының түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабындағы 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.

Азаматтардың өзге санаттарына жататындар:

  1. жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;  
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;  
  4. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар; 
  5. жалпы және санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;  
  6. дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалар; 
  7. интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;  
  8. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;  
  9. денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;  
  10. Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары;
  11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары.  

 

ТжКБ-мен кадрларды даярлау бағдарламасының қатысушылары оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір рет ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүрумен қамтамасыз етіледі.

Оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен бағдарлама қатысушыларына білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес техникалық және кәсіптік білімі туралы диплом, біліктілік беру туралы сертификат беріледі.

            ТжКБ-мен кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімге сәйкес таңдаған мамандыққа байланысты.

  

Бірінші бағытқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болған жағдайда оқудан өткенін растайтын құжат (куәлік, сертификат);
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болса);
5) жолдама (Сандықтау ауданының білім бөлімінде)

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ-не 92672 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Просмотров: 603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст