Осы айтулы күні түлектерді Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков құттықтап, олардың мектепті ойдағыдай, сәтті аяқтағанын атап өтті. Ол түлектерге алғыс хаттар, сондай-ақ Балалар музыка мектебіне 1 миллион теңгенің сыйлық сертификатын табыстады.
Құттықтауға мектеп директоры да қосылып, түлектерге мектеп бітіру туралы куәліктерін табыс етті. Ресми бөлімнен кейін түлектер өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсетіп, іс-шара соңында олар фортепиано, гитара және баянда шығармаларды орындап, оқу жылдарында алған шеберліктері көрсетті.
Түлектердің ата-аналарына қолдау көрсетіп, балаларының жетістігіне үлес қосқаны үшін арнайы алғыс сөздер айтылды. Бұл күн барлық жиналғандар үшін
ұмытылмас болып, жас музыканттардың өміріндегі маңызды кезеңнің сәтті
аяқталуын білдіреді.