«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

04.07.2024

Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі 13 орындық балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды, 1 балаға орташа құны 15217 теңгені құрайды.
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Көркем-эстетикалық (мүсіндеу, кесте,  тоқыма, тігін, оригами, зергерлік бұйымдар, ағашқа көркем кескіндеме, металлға көркем кескіндеме, керамикаға көркем кескіндеме, теріні көркем өңдеу, металды көркем өңдеу, пирография, киімді көркем модельдеу, ағашты көркем өңдеу, арт-терапия, киім дизайны, қыш өнері, мүсіндеу) - 7 орын, 1 балаға орташа құны 15217 теңге. 
Әлеуметтік-педагогикалық (журналистика, медиа орталықтар, пікірталас қозғалысы,еріктілер қозғалысы, кәсіпкерлік негіздері, шешендік өнер, зияткерлік ойындар клубы) - 3 орын, 1 балаға орташа құны 15217 теңге .
Жаратылыстану-математикалық (математикалық курстар) - 3 орын, 1 балаға орташа құны 15217 теңге.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылғы 4-11 шілде аралығында Білім бөлімі кеңсесінің sanroo94@mail.ru  электрондық поштасына құжаттарды ұсынуы қажет. Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде аталған құжаттарды ұйым білім бөлімінің кеңсесіне қағаз форматта тапсырады:
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. 
2) Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты); 
3) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
4) Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері; 
5) Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу және (немесе) тәрбиеленушілерді әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының, еңбек кітапшасының көшірмесі педагог пен осы ұйым арасындағы шарт) 
6) Штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері; 
7) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат; 
8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы. 
10) Білім бөлімі басшысының атына «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш; 
Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады

Просмотров: 2286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст