Сандықтау ауданы бойынша оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1-қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараны қашықтан өткізді.
Дәстүрлі түрде оқытатын мектептерде, кезекші мектепалды даярлық, 1-4 сыныптарда атаулы іс-шараны әр сыныпта сынып сағаттары түрінде қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізді. Сынып сағаттарында тек оқушылардың қатысты. Қашықтан оқытылатын сыныптар үшін сынып сағаттары қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылды.
Іс шараның идеологиялық мазмұнын Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік даталары тақырыптарын қамтыды.
Сандықтау ауданы бойынша 248 сынып үшін сынып сағаттары штатты режимде өткізілді, ал 23 сынып үшін қашықтықтан өткізілді. Жалпы аудан бойынша 2570 оқушы снып сағатына қатысып, білім күнін атап өтті.