Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ сіздерге 2024 жылғы 26-30 тамыз аралығында 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін барлық білім беру ұйымдарында Жазғы мектеп ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды.
Білім сапасын арттыру және білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында негізгі пәндері бойынша сабақтар өткізілетін болады. Жазғы мектепке бару тегін тегін және ата-ананың қалауы бойынша. Қатысу үшін балаңыздың оқу орны бойынша мектепке өтініш беру керек.
Балаңызға келесі оқу жылына дайындалуға көмектесу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!