«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды

22.08.2024

Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті.

 

🛜Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесінде жасанды интеллекті енгізудің алғышарттары қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде мектептерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 89%-ды құрайды, интернеттің орташа жылдамдығы өткен жылғы 4 Мбит/с-тен биыл 75 Мбит/с-ке жетті. Еліміздің 1731 мектебінде Starlink жерсеріктік интернеті орнатылды.

 

«Жасанды интеллект технологияларын білімге сауатты енгізу – оқытудың тиімділігін, жеке оқушыға бағыттылығын қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар педагогтерден білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа ұстанымды талап етеді және оны тиімді қолдануға білім берудің барлық деңгейлері дайын болуы тиіс», - деп мәлімдеді министр.

 

Ол Мемлекет басшысының қолдауының арқасында білім беру инфрақұрылымы жақсарғанын атап өтті. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім беруде. Қосымша 536 оқушы орнына арналған 302 мектептің құрылысы жүруде. 1,7 миллионнан астам оқушы ыстық тегін тамақпен қамтылды.

 

🔗Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/831503?lang=kk

Просмотров: 1610


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст