2024 жылдың 19-ы мен 21-шы тамызы аралығында үш күндік экскурсия аясында оқу озаттары мен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары Қазақстанның астанасын көруге, оның тарихы мен мәдени көрікті жерлерін біліп тануға мүмкіндік алды. Экскурсиялық бағыттары барысында балалар елорданың таңғажайып көрікті жерлерімен танысты. Олар қаланың барлық керемет көрінісін ұсынатын Астанамыздың символы Бәйтеректе болды. Ал, Ұлттық мұражайда балалар Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетімен танысып, бірегей жәдігерлерді көріп, еліміздің дамуына әсер еткен маңызды оқиғалармен танысты. Қаланы аралап, балалар сәулет өнерінің жауһарларын тамашалап, елорданың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Саяхат көптеген керемет қызықты эмоциялар, таңғажайып әсерлер және көптеген әдемі фотосуреттерге толтырды.