«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Электр тогы соғу қауіпсіздігі туралы жадынама

03.09.2024

Балалар!        ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

· Электр беру және қосалқы станциялардың ауа сызығына жақын ойнамауға,

· Ауа сызығының сымына нобайлар жасауға,  оларға жақын батпырауық жіберуге;

· Ауа сызықтары мен мачта қосалқы станцияларының тіректеріне мінуге;

· Қосалқы станциялар қоршауы мен ішіне кіруге;

· Электр қалқандарының есігін ашуға;

· Жарық беру тіректерінде қақпақтарын ашуға;

· Егер электр беру сызықтарына жақын үйлер шатырына, сондай-ақ, ағаштарға мінуге;

· Кез келген салбыраған немесе үзілген сымдарды ұстауға, электр беру ауа сызықтарының үзілген жерде жатқан сымдарына 8-10 метр жақын баруға;

· Электр беру сызықтары сымдарының астында от жағуға, сымдар мен коммуникация бар тұрғын үйлердің техникалық жертөлелеріне кіруге.

 

Жазатайым жағдайлардан өзіңді және басқаларды қорғау үшін келесіні жақсы есте сақтау керек:

БІЛУ ҚАЖЕТ:  Зертханаларда, физика кабинеттері мен шеберханаларда жұмыстар орындағанда техника қауіпсіздігі және оқытушы нұсқауы бойынша нұсқаулықты қатаң орындау қажет.

Кір жуу машиналарын, радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды және басқа электр құралдарын ашық ауада желіге ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ және қолдануға, себебі жер — электрді жақсы өткізгіш, құралдың қандай да бір ақауы болса электр тогының әрекетінде қалуы мүмкін.

Электр сымының барлық түрін, сондай-ақ, кір кептіру үшін сымды қолдану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ,  себебі сымға кездейсоқ кернеу келуі мүмкін (мәселен, бұзылған ауа сызығынан). Электр сымына бірдеңе ілуге, баулар мен сымдарды бояуға және ағартуға, оларды қағазбен, тұсқағазбен желімдеуге, сымды шегемен бекітугк болмайды – бұл оқшаулауды бұзуға әкеледі.

Бұзылған оқшаулығышпен құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Телефон, радиоқабылдағыш сымдарымен, радио және телеантенналармен, ағаш бұтақтарымен және құрылыс жабындарымен электр сымдарының жанасуы жіберілмейді.

 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Электр тогы соғудың барлық жағдайларында жедел дәрігер шақыру қажет.

Кернеуге түскен адам аяқ-қолдары құрысуы салдарынан токжүру бөліктерінен өздігінен босатыла алмайды.  

Зардап шегушіні электр тогы әрекетінен тез арада босатып алу үшін аса шұғыл шараларды қолдану қажет.

 Зардап шегушіні электр тогы әрекетінен босатуда абай болу керек, себебі көмек көрсетушінің өзі кернеуге түсіп қалуы мүмкін!

Алдымен ажыратқышты өшіру, ашаны розеткадан алу,  сақтандырғышты бұрап алу керек.

Ток жүретін бөліктен немесе 1000В дейін кернеумен сымнан зардап шегуші бөлектеуде электр тогын өткізбейтін арқан, таяқ, тақтайша немесе басқа құрғақ заттарды қолдану керек. Оны киімінен (егер ол құрғақ әрі киімі денеден бөлектеу болса) сүйреуге болады, мәселен, қоршаған металл заттар мен зардап шегушінің денесінің бөлігіне жанаспай пиджак немесе пальтодан сүйреу.

Зардап шегушіні аяғынан сүйрегенде көмек көрсетуші оның аяқ киімі мен киіміне жақсы оқшаулығышсыз тимеуі керек, себебі аяқ киім мен киім ылғалды болуы мүмкін де электр тогын өткізуші болып табылады.

Көмек көрсететін қолды оқшаулау үшін киіммен жабылмаған зардап шегушінің денесіне қол тигізу қажет болса диэлектрлік қолғап киюі немесе бөкебаймен қолын байлау керек,  матадан жасалған қақпақ кигізу керек, пиджак немесе пальто жеңін қолға тарту керек, зардап шегушіге резеңке кілемше, резеңке мата (плащ) немесе құрғақ мата жабу керек. Сонымен қатар резеңке кілемге, құрғақ тақтайға немесе электр тогын өткізбейтін  төсенішке, үйілген киімдерге және тағы басқаларына тұрып өзіңді де оқшаулау керек.

Ток өткізетін бөліктен зардап шегушіні бөлектегенде бір қолын қалтада немесе арқада ұстап екінші қолмен ірекет ету ұсынылады.

Адамды босатқаннан кейін есінде немесе шок жағдайында болуы мүмкін. Егер адам ессіз болса алғашқы көмек көрсету керек (жасанды тыныс алу, жүрекке тікелей емес массаж). Кез келген уақытта дәрігер шақырту қажет. Себебі электр тогының әрекеті организмге бірден әсер етпеуі мүмкін.

 

Құрметті ересектер! Өтінеміз, балаларыңызды қорғаңыздар! Оларды көшеде және үйде қауіпсіздік тәрбиесіне үйретіңіздер!

Электр тогы соғу қауіпі туралы балаларыңызды ескертіңіздер! Ауа сызықтары сымдары астында, қосалқы станцияға жақын жерлерде ойнауға, электр беру сызығы тіректеріне мінуге, трансформатор қосалқы станцияларына немесе сымдар мен коммуникация бар тұрғын үйлердің техникалық жертөлелеріне кіруге  тыйым салыңыздар.

 Бұл орындарда арнайы ескерту белгілері бар немесе тиісті плакаттар бекітілген. Барлық бұл белгілер мен плакаттар адамды электр тогы соғу қауіпі, оларды елеу туралы ескертеді,  оларды алып тастауға болмайды.

Балаларыңызға электр тогына түсудің барлық қауіпін бойларына сіңіріңіз.

Қолданыстағы электр қондырғылары — ойын мен ойын-сауық жері емес.

Балалар — біздің болашағымыз! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Көрсетілген сақ болу шараларын бұзып жатқан балалардың қасынан жай өтпеңіз.

АБАЙЛАҢЫЗ! ЭЛЕКТР КЕРНЕУІ — электр тогы соғу қауіпсіздігі туралы ескерту үшін ескерту белгісі.

Электр энергиясын пайдаланғанда сақ болыңыз және қайда болсаңыз да электр қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз. Өміріңізге қауіп төндірмеңіз және барлық қоршағандардан сақ болу шараларын сақтауды талап етіңіз.

Есте сақтаңыз! Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамау жазатайым жағдайға әкеледі.

Есте сақтаңыз! Электр энергиясын дұрыс пайдалану ғана өміріңіздің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Просмотров: 2879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст