«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар

30.10.2020

         Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау тұрғысынан мұғалімнің қызметіне өзгерістер енгізудің ерекшеліктері мен қажеттілігін анықтайды. Қазіргі жағдайда, білім беру іс-әрекетінде оқушылардың танымдық дербестігін дамытуға, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға, білім беру мақсаттарын дараландыруға бағдарлану маңызды. Ағымдағы жылдың 30 қазанында online форматта математика мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау контексінде заманауи математика сабағының тиімділігін арттыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Талқылауға келесі мәселелер шығарылды:

1.      «Оқушыларды математикадан қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары мен тәсілдері (жұмыс тәжірибесінен)»

         Холопцева Галина Викторовна, Балкашин №1 ОМ математика мұғалімі;

2. «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында сабақтастық тетіктерін жетілдіру»

Молдахметова Айна Сәкенқызы, Ұлан НМ математика мұғалімі;

3. «Математика сабақтарындағы білімді бақылау – қорытынды аттестаттауға сапалы дайындықтың басты құралы»

Шелега Татьяна Иосифовна, Новоникольск математика мұғалімі.

Талқылаудан кейін қорытындылар шығарылып, ұсынымдар әзірленді. Семинарға қатысушылар барлық материалдарды электронды форматта алды.

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст