Қазіргі білім беру жүйесінің жетекші бағыттарының бірі – оқушыларды жеке тұлғаға бағытталған оқыту, оқушының жеке басы мұғалімнің назарында болатын оқыту мәселесін шешу. 2020 жылдың 20 қарашасында online форматта өткен Сандықтау ауданының педагогтары арасындағы педагогикалық оқулар осы мәселені талқылауға арналды.
Бағдарламаға келесі сұрақтар енгізілді:
1. «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқытудың жеке тұлғаға бағытталған ең тиімді технологиялары»
Ибаева Яха Масутовна, Красная поляна ОМ директоры, география пәнінің мұғалімі;
2. «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілі арқылы білім беру сапасын арттыру»
Ерке Людмила Викторовна, Лесное ОМ директоры, математика пәнінің мұғалімі;
3. «Оқуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді қолдануға байланысты сабақтарда білім алушылардың дербестік үлесін арттыру»
Мағзұмова Динара Сайранбекқызы, Қызыл-Қазақстан НМ биология пәнінің мұғалімі;
4. «Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттылығын ескере отырып, бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы тұлғаға бағытталған тәсіл»
Татьяна Яковлевна Антонкина, Балкашин №1 ОМ география пәнінің мұғалімі.
Іс-шара соңында қатысушыларға ұсыныстар берілді, барлық материалдар электронды форматта ұсынылды.