Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді. Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары. Бірінші кезеңде 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде 5 мың оқушыны іріктеу жүзеге асырылды. Үлгерім бағалары «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша алынды. Ауданымыздан қатысқан оқушылар арасынан үздік болып алға суырылып шыққан Лесная орта мектебінің оқушысы Мухопадова София. Софияны жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы белестерді бағындырып, белестерден көріне беруіңе тілектеспіз.