"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15681 болып тіркелді.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Е.Біртанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 8 қыркүйек
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 6 қыркүйек
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 7 қыркүйек
|
Қазақстан Республикасы |
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өсір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2) бастауыш мектеп – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
4) білім беру ұйымдары – заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бағуды және оларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер;
5) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
6) дене тәрбиесі – адам денсаулығын нығайтуға және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
7) жазу құралдары – жазу дәптерлері, жазуға және сурет салуға арналған құралдар, оларға қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, пенал, циркуль, маркерлер, көмір түйірлері, борлар, стерженьдер, грифельдер жатады;
8) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, оларды тәрбиелеу, оларға білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын ұйым;
10) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;
11) жиынтық оқу жүктемесі – Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі сағаттарының жалпы саны;
12) интернат ұйымдары – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
13) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрі – КТБО) – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейін үш жастан он сегіз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағуды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
14) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
15) мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген және ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
16) мектеп алды сыныптары (0) – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты (жеті) жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;
17) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие ұйымдары (бұдан әрі –мектептен тыс объектілер);
18) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
19) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне қатысудың нормаланатын жиынтығы;
20) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;
21) оңтайлы микроклиматтық жағдай – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
22) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
23) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
24) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
25) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
26) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
27) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және мәдени бос уақытты ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты ұйымдар;
28) сыныптардың толықтырылуы – сыныптағы білім алушылардың нормаланған саны;
29) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;
31) шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.2018 № ҚР ДСМ-20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Жалпы білім беретін ұйымдардағы үй-жайлардың (сыныптар, оқу кабинеттері) ауданы оқытудың аралас нысандарында (фронтальды және топтық) бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр (бұдан әрі – м2) нормасы белгіленеді. Технологияны және еңбекті зерделеу шеберханаларының, сондай-ақ бағыттар бойынша саралап оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалардың ауданы бір білім алушыға шаққанда 3,75 м2.
1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2 ;
2) 16 - 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2 ;
3) 26 - 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2
4) 50-75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;
5) 76-100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2;
6) 100-150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2;
7) 150-350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2;
8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады.
Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.
Оқу үй-жайларындағы, кабинеттердегі және рекреациялардағы еденнің тақтай немесе паркет төсемі болуы тиіс. Едендерге ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін синтетикалық полимерлі материалдар, жылы линолеум төсеуге болады.
Спорт залының едені ағаштан болуы немесе арнайы төсемі болуы, еденнің беті тегіс, саңылаусыз және ақаусыз болуы тиіс.
Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді, химия кабинеттері мен зертханаларында – химиялық реагенттерге төзімді материалдан жасалады.
18. Объектілер жеке тұрған ғимаратта немесе бірнеше жекелеген ғимараттарда пайдаланылады.
Объектілерді бейімделген ғимараттарда пайдалануға жол беріледі. Жалпы білім беру ұйымдарын бейімделген ғимаратта пайдаланған кезде оқу үй-жайларының және кабинеттердің есептік сыйымдылығы 1 білім алушыға шаққанда 2,5м2 аудан нормасы ескеріле отырып айқындалады.
22. Барлық үй-жайлар функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
23. Авариялық ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
28. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.
Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.
Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
САҚ-тың жер үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. САҚ-ты жинау дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізіледі. САҚ-тың қазылған шұңқырын уақтылы тазалайды.
41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.
Терезелердің әйнектелуі бүтін шыны төсемінен орындалады.
1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);
2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы болмайтын) – 1000 – 1500 лк;
3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық емес;
4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк-тен аспауы тиіс;
5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.
Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітілуі және олардың еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін иілімді кронштейні болады.
51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде нормалау құжаттарының талаптары сақталады.
56. Жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын кемінде 1,5 м биіктікте, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікте тақтаймен немесе жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін басқа да материалдармен қаптайды.
63. Желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады.
65. Барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады.
Үй жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді санитариялық тораптарды жинауға тартуға жол берілмейді.
Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.
Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының белгілік таңбасы болады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс жинағыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.
Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен келісіледі.
73. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
74-тармақ. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады.
Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:
1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі – кг);
4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;
6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;
8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг - нан аспауы тиіс.
Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.09.2018 № ҚР ДСМ-20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер:
есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге;
жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады.
Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.
85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.
86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады.
87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.
89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады.
90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады.
Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс.
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
Жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.
6-тарау. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жатын үй-жалардағы ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар параличтен зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда 4,5 м2 көзделеді.
ТжКБ, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді.
95. Үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады.
Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді.
Инфекциялық аурумен ауырған адамның киім-кешегі жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялауға жатады.
7-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
102. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
103. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.
104. Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
105. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.
107. Осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін ауыстыруға жол беріледі.
Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.
Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.
Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері және тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі.
Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.
119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:
1) қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.
121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
125. Объектіде персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалады.
Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.
Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді.
Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады.
130. Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
131. Білім беру объектілерінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы жүзеге асырады.
Тұратын орындар ұйымдастырылатын объектілерде, жатақханаларда бірінші қабатта изоляторы бар медициналық пункт көзделеді.
136. Емшара кабинетінде профилактикалық егулер жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен профилактикалық егулерді бір мезгілде жүргізуге жол берілмейді.
137. Селолық елді мекендерде орналасқан ұйымдарда медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде медициналық пункттер үшін ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
141. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға және оны төмендетуге бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары жасалады.
146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 4-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізеді;
2) жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды өткізу, денсаулық жағдайы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бөлу (денсаулық топтары), дене бітімінің дамуы, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру топтары бойынша ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады;
3) он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 5-нысанына сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.
|
"Білім беру объектілеріне |
Зертханалық-аспаптық зерттеулер
|
Кесте |
|
|||
Р/с |
Сынама алу орны |
Зертханалық зерттеулер, саны (бірлік) |
Зерттеу кезеңділігі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
1 |
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары |
||||
1.1 |
ас блоктары |
микробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамалары |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамалары |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары |
ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) |
||||
тағамдардың құнарлығы |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
термиялық өңдеу сапасы |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
сыртқы орта шайындылары |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындау |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||||
персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау |
эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша |
||||
1.2 |
қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік |
температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет) |
||
Р/с |
Объектілер |
Зертханалық зерттеулер |
Зерттеу кезеңділігі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
1.2 |
сыныптар |
|
|
||
1.3 |
зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары |
желдетудің, шудың тиімділігін зерттеу |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
|
су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары |
су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау |
||
1.4 |
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары |
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
1.5. |
ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілер |
ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
1.6 |
жабық жүзу бассейндері және ванналар |
бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамалары |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
1.7 |
компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер |
жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шу |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
1.8 |
оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет |
жасанды жарықтандыру деңгейі |
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
Р/с |
Объектілер |
Зертханалық зерттеулер |
Зерттеу кезеңділігі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
1.9 |
пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттер |
ауа ортасын зерттеу |
ағымдағы қадағалау тәртібінде |
||
1.10 |
ойын алаңдарындағы құмды алаңқай |
топырақты зерттеу |
ағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде |
||
1.11 |
балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары |
балалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалар) |
жылына бір рет |
||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
|||
Жалпы білім беретін ұйымдар үшін сыныптарды толықтыру 25 оқушыдан артық емес болып белгіленеді. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, мамандырылған білім беру ұйымдарында, гимназияларда және лицейлерде сыныптардың толықтыруын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі.
|
1 –кесте |
|
||||
|
Топтар (сыныптар) |
Жасы |
Балалар саны |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||
1. |
Мектеп алды дайындық топтары (сыныптары) |
бес (алты) жастан алты (жеті) жасқа дейін |
25-тен артық емес |
|||
2. |
Жалпы білім беру ұйымдарының сыныптары |
6 (7) жастан 18 жасқа дейін |
25-тен артық емес |
|||
3. |
Шағын жинақталған мектептердегі сыныптар |
6 жастан 18 жасқа дейін |
5-10-нан 25 –ке дейін |
|||
Арнайы білім беру ұйымдарында сыныптарды, тәрбиелеу топтарын, ұзартылған күн топтарын толықтыру
|
2-кесте |
|
||
Балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары |
Сыныптағы (топтағы) балалар саны |
|||
|
мектеп жасы |
|||
1 |
2 |
|||
Сөйлеу қабілеті бұзылған: |
|
|||
сөйлеу қабілеті қатты бұзылған |
12 |
|||
жекелеген дыбыстарды айта алмау фонетикалық-фонематикалық дамымаған |
12 |
|||
Есту қабілеті бұзылған: |
|
|||
естімейтін |
8 |
|||
нашар еститін және кейіннен саңырау болған |
10 |
|||
Көру қабілеті бұзылған: |
|
|||
көзі көрмейтін, кейіннен соқыр болған: |
8 |
|||
нашар көретін |
12 |
|||
амблиопия және қылилық |
10 |
|||
жеңіл ақыл-ой кемістігі |
10 |
|||
орташа ақыл-ой кемістігі |
6 |
|||
ауыр ақыл-ой кемістігі |
4 |
|||
психикалық дамуы тежелген |
12 |
|||
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған |
10 |
|||
күрделі кемістігі бар |
6 |
|||
эмоциялық-ерік бұзылыстары бар |
4 |
|||
2. Дене бітімінің кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар топтарының саны (арнайы топ) 4 – 6-ны құрауы мүмкін.
|
"Білім беру объектілеріне |
Жалпы білім беретін ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі
|
Кесте |
|
||||||||||||
Сынып |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||
Жүктеме сағатпен, аптасына |
||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
||
Инвариантты оқу жүктемесi |
20,5 |
22 |
23 |
26 |
26 |
28 |
28 |
29 |
31 |
33 |
22 |
22 |
||
Сабақтар, факультативтер, таңдау бойынша курстар (жоғарғы сыныптарда бейійімдеу пәндері, қолданбалы курстар) |
1,5 |
- |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
14 |
14 |
||
Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар |
- |
2 |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
||
Ең көп оқу жүктемесi |
22 |
24 |
25 |
29 |
29 |
33 |
33 |
34 |
36 |
38 |
39 |
39 |
||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
||||||||||||
Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi
|
Кесте |
|
||
№ |
Пән |
Балл саны |
||
1 |
2 |
3 |
||
1 |
Математика, орыс тiлi (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн), |
11 |
||
2 |
Шет тiлi, пәндерді шет тiлiнде оқу |
10 |
||
3 |
Физика, химия, информатика, биология |
9 |
||
4 |
Тарих. Адам. Қоғам. Құқық. |
8 |
||
5 |
Қазақ тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн) |
7 |
||
6 |
Жаратылыстану, география, өзін-өзі тану, АӘД |
6 |
||
7 |
Дене шынықтыру |
5 |
||
8 |
Еңбек, технология |
4 |
||
9 |
Сызу |
3 |
||
10 |
Бейнелеу |
2 |
||
11 |
Ән сабағы |
1 |
||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
||
|
Кесте |
|
||||
№ |
Жиhаздың нөмiрлерi |
Оқушылар бойының тобы (миллиметрмен) |
Білім алушыға қараған үстел жиегiнiң еденнен биiктiгi |
Орындықтың алдыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
1 |
1000 – 1150 |
460 |
260 |
||
2 |
2 |
1150 – 1300 |
520 |
300 |
||
3 |
3 |
1300 – 1450 |
580 |
340 |
||
4 |
4 |
1450– 1600 |
640 |
380 |
||
5 |
5 |
1600 – 1750 |
700 |
420 |
||
6 |
6 |
1750-ден жоғары |
760 |
460 |
||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
||||
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік
|
1-кесте |
Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық аспаптарға қажеттілігі
Р/с |
Үй-жай |
Өлшем бірлігі |
Санитариялық аспаптардың |
1 |
2 |
3 |
5 |
1 |
Оқушылар дәретханалары және қолжуғыштары: |
1 білім алушы |
20 қызға 1 унитаз, |
2 |
Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке) |
2 санторап |
1 унитаз, 1 қолжуғыш |
3 |
Әйелдердiң жеке гигиена кабинеті (персоналға арналған) |
1 кабина |
1 гигиеналық себезгі, |
4 |
Жалпы мектеп үй-жайлары блогындағы акті залы – дәрісханасы жанындағы дәретханалар және қолжуғыштар |
2 санторап (әйелдер және ерлер) |
30 орындық залға 1 унитаз және 1 қолжуғыш |
5 |
Спорт залдардың киім шешетін орындары жанындағы дәретханалар және себезгілер |
1 киім шешетін бөлме |
1 унитаз, 1 қолжуғыш, 2 себезгі торы |
6 |
Асханадағы персоналға арналған дәретханалар және себезгiлер |
1 санторап және 1 себезгі кабинасы |
1 унитаз, 1 қолжуғыш, 1 себезгі торы |
7 |
Қыздарға арналған жеке гигиена кабинасы |
1 кабина |
1 гигиеналық себезгi, 1 унитаз, бiр кабинаға 1 қолжуғыш, 70 қызға бiр кабина |
8 |
Медициналық кабинеттегі персоналға арналған дәретханалар |
1 санторап |
1 унитаз, 1 қолжуғыш |
9 |
Тамақ ішетін залдар жанындағы қолжуғыштар: |
1 білім алушы |
10 орынға 1 қолжуғыш |
Мектептен тыс ұйымдар үшін санитариялық аспаптарға қажеттілік
|
2-кесте |
|
|||
Р/с |
Үй-жай |
Өлшем бірлігі |
Санитариялық аспаптардың есепті саны |
||
1 |
2 |
3 |
5 |
||
1 |
Оқушылар дәретханалары: |
1 білім алушы |
20 қызға 1 унитаз, 30 қызға 1 қолжуғыш |
||
2 |
Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке) |
2 санторап |
1 унитаз, 1 қолжуғыш |
||
3 |
Спорт залдардың киім шешетін бөлмелері жанындағы дәретханалар және себезгілер |
1 киім шешетін бөлме |
1 унитаз, 1 қолжуғыш |
||
|
3-кесте |
|
|||
Үй-жайлар атауы |
Өлшеуіш |
Санитариялық аспаптар саны |
|||
1 |
2 |
4 |
|||
Қыздарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар |
1 тәрбиеленуші |
5 қызға 1 унитаз |
|||
Ұлдарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар |
1 тәрбиеленуші |
5 ұлға 1 унитаз |
|||
Қыздарға арналған жеке гигиена кабиналары |
1 кабина |
15 қызға 2 кабина: |
|||
Себезгі кабиналар |
1 кабина |
10 жатын орынға 1 себезгі торы |
|||
Ванналар |
1 орын |
10 жатын орынға 1 ванна |
|||
Киім шешетін орын |
1 орын |
бір себезгі торына 2 орын (бір орынға ұзындығы 0,5 м орындық) |
|||
Себезгі бөлмесіндегі және ваннадағы дәретханалар |
1 дәретхана |
1 унитаз |
|||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
|||
Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы
|
Кесте |
|
|
Тамақ ішу, тағам |
Жасы |
||
6 - 11 жас |
11-18 жас |
||
1 |
3 |
4 |
|
Бірінші тағам |
200-250 |
250-300 |
|
Екінші тағам: |
|
|
|
Гарнир |
100-150 |
150-180 |
|
Ет, котлет, балық, құс еті |
80-150 |
100-180 |
|
Көкөніс, жұмыртқа, сүзбе, ет тағамы және ботқа |
150-200 |
200-250 |
|
Салат |
60-100 |
100-150 |
|
Үшінші тағам |
200 |
200 |
|
|
"Білім беру объектілеріне |
|
|
Кесте |
|
||||
№ |
Ауыстыруға жататын өнім |
Граммен салмағы |
Ауыстыратын өнім |
Граммен салмағы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 |
Сиыр еті |
100,0 |
1-санатты сүйегі бар кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті |
100,0 |
||
1-санатты сүйегі жоқ кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті |
80,0 |
|||||
1-санатты жылқы еті |
104,0 |
|||||
құс еті |
100,0 |
|||||
1-санатты субөнімдер: |
116,0 |
|||||
пісірілген шұжық |
80,0 |
|||||
ет консервілері |
120,0 |
|||||
балық |
150,0 |
|||||
жартылай майлы сүзбе |
250,0 |
|||||
сүт |
600,0 |
|||||
2 |
Майы алынбаған сүт |
100,0 |
кефир, айран |
100,0 |
||
қойылтылған стерилденген сүт |
40,0 |
|||||
кілегей |
20,0 |
|||||
майлы сүзбе |
30,0 |
|||||
3 |
Қаймақ |
100,0 |
кілегей |
133,0 |
||
сүт |
667,0 |
|||||
4 |
Сүзбе |
100,0 |
сүт |
333,0 |
||
ірімшік |
40,0 |
|||||
сүзбе ірімшік |
80,0 |
|||||
қаймақ |
50,0 |
|||||
кілегей |
66,0 |
|||||
5 |
Ірімшік |
100,0 |
сиырдың сары майы |
50,0 |
||
қаймақ |
125,0 |
|||||
сүзбе |
250,0 |
|||||
сүзбе ірімшік |
200,0 |
|||||
сүт |
825,0 |
|||||
жұмыртқа |
3 шт. |
|||||
6 |
Жұмыртқа |
1 шт. |
ірімшік |
33,0 |
||
қаймақ |
40,0 |
|||||
сүзбе |
80,0 |
|||||
7 |
Басы алынған балық |
100,0 |
ет |
67,0 |
||
тұздалған майшабақ |
100,0 |
|||||
балықтың жон еті |
70,0 |
|||||
сүзбе |
168,0 |
|||||
ірімшік |
50,0 |
|||||
8 |
Жемістер |
100,0 |
жеміс-жидек шырыны |
100,0 |
||
кептірілген алма |
20,0 |
|||||
кептірілген өрік |
8,0 |
|||||
қара өрік |
17,0 |
|||||
жүзім |
22,0 |
|||||
қарбыз |
300,0 |
|||||
қауын |
200,0 |
|||||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
||||
Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы
|
1-нысан |
|
|||||||
Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің келіп түскен күні мен сағаты |
Тамақ өнімдерінің атауы |
Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің саны (килограммен, литрмен, данамен) |
Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін органолептикалық бағалау нәтижелері |
Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін өткізудің соңғы мерзімі |
Күндер бойынша азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін іс жүзінде өткізу күні мен сағаты |
Жауапты адамның қолы |
Ескертпе (бар болса)* |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
Ескертпе : * Өнімдерді есептен шығару, кері қайтару фактілері және басқалар көрсетіледі.
|
2-нысан |
|
|||||
Тағамды дайындау күні және сағаты |
Тағамның атауы |
Қосылған витаминнің жалпы саны |
Бір порциядағы "С" витаминінің мөлшері |
Жауапты адамның қолы |
|||
|
|
|
|
|
|||
Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы
|
3-нысан |
|
|||||||
Тағамды және аспаздық өнімдерді дайындау күні және сағаты |
Тағамның және аспаздық өнімнің атауы |
Тағамның және аспаздық өнімнің дайындық дәрежесін қоса алғанда, органолептикалық бағалау |
Өткізуге рұқсат ету (уақыты) |
Жауапты орындаушы (Т.А.Ә.) (бар болса, лауазымы) |
Бракераж жүргізген адамның Т.А.Ә. (бар болса) |
Ескертпе |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|||
Ескертпе: 7-бағанда дайын өнімді өткізуге тыйым салу фактілері көрсетіледі.
Ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері
|
4-нысан |
|
||||||||||||||||||
Р/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Лауазымы |
айы / күндері |
|||||||||||||||||
1* |
2 |
3 |
4 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15… |
|
|
|
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
||
Ескертпе: *дені сау, ауру, жұмыстан шеттетілді, санация жүргізілді, еңбек демалысы, демалыс
_________ жылғы ___ айына тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі
|
5-нысан |
|
|||||||||||
Р/с № |
Тамақ өнімінің атауы |
Тамақ өнімінің бір адамға граммен алғандығы г |
Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода, г. алғанда іс жүзінде өнім берілді / тамақтанатындар саны |
10 күнде 1 адамға бруттомен алғанда барлығы тамақ өнімі берілді |
Орташа алғанда 1 адамға күніне |
% (+/-)-да нормадан ауытқу |
|||||||
1 |
2 |
3 |
... |
10 |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
Ескертпе: _______________________________________________________
|
"Білім беру объектілеріне |
№ |
Медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың атауы |
Саны |
|||
1 |
2 |
3 |
|||
1 |
Жазу үстелі |
1 |
|||
2 |
Орындықтар |
2-6 |
|||
3 |
Кушетка |
1 |
|||
4 |
Кеңсе шкафы |
1-3 |
|||
5 |
Медициналық шкаф |
1 |
|||
6 |
Керме |
1 |
|||
7 |
Шыны қақпағы бар медициналық шағын үстел |
1-2 |
|||
8 |
Тоңазытқыш (вакциналарға және дәрі-дәрмектерге арналған) |
2 |
|||
9 |
Тонометр |
1-2 |
|||
10 |
Фонендоскоп |
1-2 |
|||
11 |
Бактерицидті шам |
1-2 |
|||
12 |
Медициналық таразы |
1 |
|||
13 |
Бой өлшегіш |
1 |
|||
14 |
Вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнер |
1-2 |
|||
15 |
Үстелге қоятын шам |
1 |
|||
16 |
Медициналық термометрлер |
20-50 |
|||
17 |
Қайшылар |
2 |
|||
18 |
Қол жуатын раковина |
1 |
|||
19 |
Педальды қақпағы бар шелек |
1 |
|||
20 |
Вакциналардың қалдықтарын жоюға арналған ыдыс |
2 |
|||
21 |
Медициналық халаттар |
2 |
|||
22 |
Қалпақтар |
2 |
|||
23 |
Бір рет қолданылатын жаймалар |
үнемі болады |
|||
24 |
Бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер |
үнемі болады |
|||
25 |
Жинауға арналған қоңыр түсті халаттар |
1 |
|||
26 |
Бір рет қолданылатын бетперделер |
10-30 |
|||
27 |
Жинау мүкәммалы: шелек, швабра, шүберек, шүберектерді сақтауға арналған сыйымдылықтар, қолғаптар |
үй-жай жиынына қарай есептеледі |
|||
28 |
Дезинфекциялау құралдары |
3 айға қор |
|||
29 |
Кеңсе тауарлары (журналдар, дәптерлер, желім, қаламсап, қағазтескі, степлер, корректор, папкалар және т.б.) |
қажеттілігіне қарай |
|||
30 |
Кішкентай бикс |
1 дана |
|||
31 |
Үлкен бикс |
1 дана |
|||
32 |
Резеңке бұрау |
4-6 дана |
|||
33 |
2,0 |
10 дана |
|||
34 |
Пинцет |
1 дана |
|||
35 |
Резеңке жылытқы |
1-2 дана. |
|||
1 |
2 |
3 |
|||
36 |
Мұзға арналған ыдыс |
1-2 дана. |
|||
37 |
Бүйрек тәрізді науа |
5 дана. |
|||
38 |
Металл қалақша |
40 дана. |
|||
39 |
Аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған шиналар |
5 дана. |
|||
40 |
Кілемше |
|
|||
41 |
Сантиметрлік лента |
1 дана |
|||
42 |
Көздің көргіштігін анықтауға арналған кестелер |
1 дана |
|||
43 |
Дозаторлы сұйық сабын |
үнемі болады |
|||
|
"Білім беру объектілеріне |
|
|||
Объектілердің медициналық құжаттамасы
Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Медициналық құжаттама мыналар болып табылады:
1) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;
2) жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы;
3) профилактикалық егулер картасы;
4) профилактикалық егулерді есепке алу журналы;
5) вакциналардың, басқа бактериялық препараттардың қозғалысын тіркеу журналы;
6) Манту сынамаларын тіркеу журналы;
7) Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын тәуекел тобындағы балаларды тіркеу журналы;
8) фтизиопедиатрда қосымша зерттеп-қарауға жататын туберкулиннің оң нәтижесі бар адамдар журналы;
9) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14) гельминттерге зерттеп-қаралатын адамдарды тіркеу журналы;
15) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16) баланың денсаулық паспорты;
17) тәуекел тобындағы балалардың тізімдері;
18) студенттерді флюорографиялық зерттеп-қарауды есепке алу журналы;
19) флюорографиялық оң нәтижесі бар адамдарды есепке алу журналы;
20) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21) диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы;
22) тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеріп-қарау журналы, мамандардың актілері;
23) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке медициналық карталары;
24) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25) Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26) ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы;
27) шикі өнімдерге арналған бракераж журналы
28) дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналы
29) "С- витаминдеу" журналы;
30) бір айдағы тамақтану өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі.