"Үздік қар қалашығы"байқауының қорытындысы шығарылды.
Сандықтау ауданында бірнеше жылдан бері тамаша дәстүр қалыптасқан: қыстың келуімен әр мектеп ауласында және балабақша аумағында қардан ертегілер туады. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар салған түрлі қарлы сәулет ансамбльдері, ертегі кейіпкерлері барлығын жарқын түстерімен қуантады. Қар байқауының қорытындыларын шығару кезінде қазылар алқасы дизайн, саны мен әртүрлілігі, фигуралардың көркемдік безендірілуі мен көлемі бойынша үздік жұмыстарды анықтады; туындылардың орындалу күрделілігі мен көркемдік - эстетикалық құндылығы ескерілді.
Бірінші орынды Приозерный орта мектебі иеленсе, екінші орынды "Ер-Төстік" балабақшасы мен Лесное орта мектебі, үшінші орынды Краснополяна және Максимовка орта мектептері бөлісті. Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.