«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындылары 2025 жылғы 5–7 қазан аралығында Степногорск қаласындағы №4 «Болашақ» мектеп-лицейі базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

08.10.2025
Сандықтау ауданының командасы Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде келесі оқушылармен ұсынылды: Есина Татьяна, Балкашино ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы, Маратбекова Камила, Новоникольское ауылы орта мектебінің оқушысы, Бегалинова Дильназ, Весёлое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы, Абраамян Софик, Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы. Олимпиада қорытындысы бойынша Весёлое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бегалинова Дильназ жүлделі үшінші орынды иеленді ( пән мұғалімдері: математика пәнінің мұғалімі - Ноконович О.Н., физика пәнінің мұғалімі - Амрина А.К., химия және биология пәндерінің мұғалімі -Есенбаева Б.К.). Балкашино ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Есина Татьяна олимпиадада көрсеткен нәтижесі үшін грамотамен марапатталды (пән мұғалімдері: математика пәнінің мұғалімі – Холопцева Г.В., физика пәнінің мұғалімі – Халиков Т.Г., химия және биология пәндерінің мұғалімі – Покамина О.Г.). Шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта да интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Просмотров: 3449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст