«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық практикалық-бағдарланған семинар

16.01.2026

Аудандық практикалық-бағдарланған семинар  Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында оқушылардың мектептегі ғылыми қоғамы жетекшілеріне арналған «Ғылыми қызметті ұйымдастыру» тақырыбында аудандық практикалық-бағдарланған семинар өтті.
Отырыс онлайн форматта өткізілді.
Талқылауға төмендегі мәселелер ұсынылды: 
1.«Оқушылардың мектептегі ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру»
Жүнусова Ольга Викторовна — Балкашино ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары;
Еслям Жанна Калмахановна — Балкашино ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің «Эрудит» мектеп ғылыми қоғамының жетекшісі.    
2. 2–7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» зерттеу жұмыстары байқауының,
8–11 сынып оқушылары арасында өткізілген ғылыми жобалар байқауының 2025–2026 оқу жылы бойынша нәтижелерін талдау.
 «Дарын» РҒПО Ережесіне сәйкес 2026–2027 оқу жылына арналған оқушылардың байқау материалдарын дайындау ерекшеліктері.
Вдовина Т.Н. — әдіскер.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Отырыс материалдары қатысушыларға электрондық форматта ұсынылды.

/public/files/2026/1/16/160126_192147_seminar.jpeg

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст