23.02.2026
Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қадырова Г.Е. төрт асырап алынған баланы тәрбиелеп отырған және отбасына тағы үш сәбиді қабылдауға ниет білдірген қабылдаушы ата-аналар Андруцуляк В.А. мен Андруцуляк В.Н.-мен кездесті.
Кездесу барысында балаларды қолдау, тәрбиелеу және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Гүлнар Ерғалиевна отбасыға қамқорлығы, сүйіспеншілігі және маңызды ісіне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.