24.06.2026
🎓Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады: 140 мың грант бөлінді
🗓️Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді. 💻Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады. ⚙️Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды. 👷♂️Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі. 👨💻Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады. 👩💻Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімдері: 🔹Жұмысшы біліктілігі бойынша - 25 маусымнан 27 тамызға дейін; 🔹Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) - 25 маусымнан 22 тамызға дейін; 🔹Шығармашылық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 20 шілдеге дейін; 🔹Педагогикалық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында); 🔹Медициналық мамандықтар бойынша - 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін; 🔹Кешкі оқу нысаны бойынша - 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін. 📍Сондай-ақ колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған. ➡️Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесі арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033298