2017 жылдың 17 қарашасы Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ақмола облысы білім басқармасының және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен, «Туған
жерім» атты облыстық шығарма байқауы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау өтті. Осы іс – шараға Балкашин №1 ОМ 7 – сынып оқушысы Луцкая Камила «Туған жердің батырлары» номинациясы бойынша 1 орынды, Приозерный ОМ 11 – сынып оқушысы Наумова Виктория және Новониколск ОМ 8,10 оқушылары Абинова Камила мен Касаткина Алена «Кіші Отан неден басталады?» номинациясы бойынша жүлдегерлер атанды. Біздің қатысушыларымыз диплом, мадақтама қағаздарын және «Туған жерім» байқауы жеңімпаздарының шығармалары жарияланған жинақ алды.
Жеңімпаздарымыз мен жүлдегерлерлерімізге оқуда жетістік, өнерде табыс тілейміз!!!