«Балалар түнгі қалада (ауылда)» рейді - пайдаланудың неше түрлеріне тартылатын балаларды, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта үлкендерсіз ойын-сауық мекемелерінде, көшелерде, саябақтарда және басқа да қоғамдық жерлерде жүретін балаларды анықтау бойынша алдын алу шарасы.
Осы мақсатпен білім бөлімі және Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімімен жазғы демалыс уақытында рейдтер кестесі құрастырылған болатын. 2017 жылдың 1 маусымынан 31 шілдесіне дейін «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ мамандары және АІІБ қызметкерлерімен, елді мекендердің учаскелік инспектороларымен 16 елді мекенде рейдтер өткізді: Лесное кенті, Приозерное ауылы, Сандыктау кенті, Балкашин ауылы, Хуторок кенті, Петровка кенті, Максимовка ауылы, Владимировка кенті, Спасское кенті, Новоникольск ауылы, Смольное кенті, Мысок кенті, Меньшиковка кенті, Каменка ауылы, Острогорка кенті, Васильевка кенті.
Өткізілген рейдтердің мақсаты:
- бақылаусыздық, панасыздық пен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтарды ескерту және алдын алу;
- кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты өзінің міндеттерін орындамайтын ата-аналар және олардың орнын басатын тұлғаларды және қылмыстық іке немесе қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға ертетін ересек тұлғаларды анықтау;
- темекі бұйымдарын, спирт ішімдіктерін және еліткіш заттарды қолданатын кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау болып табылды.
Заңнама сәйкес, Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандар 22.00 сағаттан кейін ойын-сауықтыру мекемелерінде, 23.00 сағаттан кейін көшеде ата-аналарсыз, немесе заңды өкілдерсіз жүруге құқылары жоқ. Жасөспірімдер үшін «коменданттық сағатты» бұзған жағдайда бірінші рет ата-аналарға ескерту шығарылады, екінші рет, егер жыл аралығында бала тағы да түнгі уақытта жалғыз көшеде жүрсе, - олар 5 АЕК-тен айыппұл төлейді, екінші қайта бұзушылық үшін айыппұл мөлшері өседі.
Рейдтерді өткізген кезде 23.00 сағаттан кейін заңды өкілдерсіз тұрғын-үйден тыс жүрген 11 кәмелеттік жасқа толмаған бала кездестірілді. Сондай-ақ Веселое ауылында тұратын, үлкендерсіз түнгі уақытта Балкашин ауылының ойын-сауын мекемесінде, бұнда оған алкоголь ішімдігі сатылған 1 кәмелеттік жасқа толмаған бала анықталды. Кәмелеттік жасқа толмаған АІІБ жеткізілді, бұнда оның ата-анасы шақырылды.
Кәмелеттік жасқа толмағандар, ата-аналар және олардың орнын басатын тұлғалармен алдын алу әңгімелер жүргізілді, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығына қатысты әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары түсіндірілді, ескертулер берілді. Балалар мен заңды өкілдер кәмелеттік жасқа толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына шақырылды.
«Балалар түнгі қалада (ауылда)» рейді іс-шаралары жыл аралығында тоқсан сайын, демалыс уақытында апта сайын өткізіледі. Осындай шаралар балалар мен олардың ата-аналарына құқықтар туралы ғана емес, заң алдында екі жақтың міндеттері де туралы ескерту болып табылады.