Ауданның мектепке дейінгі білім жүйесі. Ауданның мектепке дейінгі білім жүйесінде 37 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 бала бақша және 35 шағын-орталық. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 29 шағын-орталық пен 1 бала бақша ашылды. 2017 жылдың 1 жартысының қорытындысы бойынша 1 жастан 6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 79,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100% құрады. Бала бақшалар мен шағын-орталықтарға баратын балалардың жалпы саны – 929 (0 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны - 1835). Ауданның 41 тұрғын бөлімінің төрт ауылында мектепке дейінгі ұйым – 9,7% АТБ жалпы санынан (0 жастан 6 жасқа дейінгі 17 бала): Хлебное ауылы – 2 бала, Граниковка ауылы– 6 бала, Новоселовка ауылы– 7 бала, Тучное ауылы– 2 бала. Балкашино селосындағы мектепке дейінгі ұйымдарының кезегінде 3 жасқа дейнгі 83 бала тұр, өзге тұрғын бөлімдер бойынша кезек жоқ.
Орта білім. Ауданда жалпы білім беретін 28 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде 10 орта 2011 оқушы контингентімен, негізгі 582 оқушы контингентімен және 5 бастауыш 47 оқушы контингентімен. Барлығы 2640 оқушы білім алады. 2 мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі, 3 мектепте – қазақ және орыс тілдерінде, 23 – орыс тілінде оқытады.
Кадрлық құрам. Ауданның жалпы білім беретін мекте,птерінде 447 мұғалім жұмыс істейді. Жоғары білімді – 353 (79%), кәсіптік орта біліммен – 84 (19%). Аудан мұғалдімдерінің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттары бар, жоғары білікті педагогикалық қызметкерледің үлесі 38,2 % құрайды. 2016 жылы аудан мектептеріне 12 жас маман келді. 2016-2017 оқу жылы ішінде 15 мектеп директоры ҚР БҚЖ аясында білім ұйымдары басшыларының біліктілік жоғарлату білім бағдарламасы бойынша курстардан өтті. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін БЖИ мен ПШО білім құрамын жаңарту бойынша біліктілікті жоғарлату курстарынан өтті. Оның бастауыш білім мұғалімдері – 53; қазақ тілі – 30; орыс тілі – 9; математика – 14; биология және химия – 9; тарих – 2; «Өнер» пәні – 7, музыка – 1; дене мәдениеті – 4, мектеп директорларының орынбасарлары – 7, критерилік бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері – 14. Ауданның 2 мұғалімі «Назарбаев зияткерлік мектебі» жүйесі бойынша жаңа форматтаға үш деңгейлік курстардан өтті. «НЗМ» АОО педагогикалық шеберлік Орталығымен білім құрамын жаңарту сұрағы бойынша, біліктілікті арттырудың кезеңдік курстарынан өткен, жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері есебінен, лидерліәк және ұйымдастырушылық сапалары бар мектептедің 11 жаттықтырушысы әдістеме және технология және оқытудан өтті. Аталған мектептер жаттықтырушылардың тобы 2016-2017 оқу жылында мектеп ішілік кәсіби дамытуды өткізуге кірістірілді
Жаңа форматтағы ҰБТ. 2017 жылы 11 сыныпты 117 оқушы аяқтады (2016 жылы - 88 түлек). Оның 3 – мемлекеттік тілдіе, 114 оқушысы – орыс тілінде. Биылғы жылы ҰБТ жаңа форматта өткізілді, түлектер мектепте емтихан тапсырды, (орта білім туралы аттестатты және «Алтын белгі» белгісін алу үшін) және ЖОО түсіу үшін және мемлекеттік гранттарды анықтау үшін емтихан қызметін атқаратын, ҰБТ. Қорытынды атеттация нәтижесі бойынша 2 түлек «Алтын белгі» белгісінің және 8 – ерекше аттестация иегерлері болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу процедурасына 52 түлек қатысты (44%?), ол 2016 (58%) жылдың көрсеткішінен 14% кем. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 78,1 балды құрады, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 4,4 балға жоғары. 100 балл мен одан жоғары балды 9 түлек жинады (2016 жылы – 6 түлек, 2015 жылы – 5 түлек). Жоғары оқу орындарына түсулері үшін, өтпелі кезеңнен ауданның 2 түлегі өтпеді, ҰБТ қатысушыларының жалпы санынан пайыздық қатынаста ол 4% (2016 жылы – 13 түлек, 25%).
Тасымалдау. Ауданның 22 тұрғын бөлімімен 0 сыныптан 11 сынып аралығындағы 613 бала қамтылуымен ауданның 11 мектебіне тасымалдау іске асырылады. 11 автокөлік бірлігі іске қосылған, соның ішінде 8 автобус (6 АББ, 2 - №3 БҮ), 4 шағын автобус, (АББ), 1 жеңіл автомобиль (жеке тұлғадан тегін жалданады), 1 шағын автобус (Басшысы – О.Ю. Хлебникова, «Уни» ЖШС тегін жалданады).
Тамақтану. 28 білім мекемесінің 26 ыстық тамақтану ұйымдастырылған, 92,86%, 2 мектепте буфеттер ғана бар (Васильевка НМ, Раздольное БМ). Ыстық тамақатанумен 2585 оқушы қамтылған 98,3%, тегін ыстық тамақтанумен 1-11 сыныптардың 966 оқушысы қамтылған (36,7%), соның ішінде бастауыш буын 532 (48,9%). Тегін буфеттік тамақтану Васильевка НМ мен Раздольное БМ 27 оқушысына ұйымдастырлған.
Жалпыға білім беру қоры. Жалпыға білім беру қоры 2017 жылға бюджеттің ағымдағы шығынының жалпы сомасынан 1,16% құрады, ол 12 млн. 900 мың теңгені құрады, бұл сома аз қамтылған отбасылардағы балаларды тамақтандыруға қарастырылған, 2017 жылдың қаңтарынан мамырына дейінтамақтанумен 439 бала қамтылған. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жай бойынша 5 млн. 583 мың теңге меңгерілген, меңгеру пайызы– 43,2%.
Инклюзивті білім. Ауданда дамуында шектеулі 209 бала өмір сүреді, қалған оның 63 бала - 0 жастан 18жасқа дейінгі мүгедек-балалар. 2016-2017 оқу жылында үй жайында 8 мүгедек-бала білім алды, оның 4 арнайы компьютерлік жабдықпен қамтамасыз етілген. Инклюзивті біліммен қамтылғандар – 133 мүмкіндігі шектеулі бала, ол мүмкіндігі шектеулі баланың 63,6 % құрайды. Сөйлеуінде кемістігі бар 100 жуық бала Балкашино. Сандықтау, Максимовка орта мектептері, «Мирас» және «Ер-Төстік» бала бақшаларына қарасты логобөлімдерге барады. 2015 жылдан бастап Сандықтау ауданында №12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, оған мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасына дейінгі 26 бала қатысады, ол жерде оларға логопед, дефектолог, ЕДТ жаттықтырушысы, психолог білікті көмек көрсетеді.
Қамқорлық және қамқоршылық. 2017 жылы ішінде аудан отбасыларының тәрбиесіне АҚҚ санатындағы 7 бала берілді, 18 жасқа толуларына байланысты есептен 8 бала алынды. Сайып келгенде, аталған уақытта аудан отбасыларында қамқорлықта (қорғаншылықта) 50 бала бар. Аудан отбасыларының патронаттық тәрбиесінде 36 жетім-бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, осы жыл ішінде 18 жасқа толуларына байланысты 2 бала есептен алынды. Ай сайын қамқоршылар (қорғаншылар) қамқорлықтағы балаларды асырауға жәрдемақы алады, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жай бойынша 50 баланы асырауға 42 қамқоршы жәрдемақы алды, жәрдемақы мөлшері 22690 теңге. Патронаттық тәрбиелеушілерге ақы төлеу білімі мен педагогикалық өтіліне байланысты 45 тен 67 мың теңге аралығында түрленеді. Кәмелет жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алудың алғашқы журналына сәйкес, 2017 жылдың 9 айы ішінде АҚҚ санатындағы, 16 бала анықталды, оның 10 отбасыларға қамқорлыққа орналастырылды, 6 жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғңан балаларға арналған мекемелерге орналастырылды.
Тірек мектептер, ресурстық орталықтар. Ауданның 28 мектебінің 26 шағын жинақты болып табылады. Ауданда 1 тірек мектеп – ресурстық орталық – Балкашин №1 ОМ үш магнитті мектебі бар, олар: Лесхоз НМ, Петровка НМ, Владимировка НМ. Ресурстық орталықтың қызметін Каменка, Максимовка, Мәдениет Веселое орта мектептері атқарады. Тірек мектептер – ресурстық орталықтарды ашу бойынша облыстық жоспарға сәйкес 2018 жылы Белгородское Ұлан, Васильевка мектептерінің оқушыларына Каменка ОМ тірек мектеп – ресурстық орталық болады.
Жаңа модификация кабинеттері. Аудан мектептерінде 59 жаңа модификация кабинеті жұмыс істейді, оның 14 физика, 13 химия, 15 биология, 17 лингафонды-мультимедиялық кабинет. Жаңа модификация кабинеттермен қамтамасыз ету пайызы 64,1 %. Ауданның сегіз мектебі саны 12 дана интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. 2017 жылы Красная поляна ОМ арналып 1 млн. 649 мың теңге сомасына 1 биология кабинеті алынды.
Қосымша білім беру жүйесі. Оқушылардың бос уақыттары мен жұмыс бастылықтарын нәтижелі қолдану үшін ауданда мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Балалар шығармашылығының үйімен 132 тәрбиеленуші қамтылған (7 үйірме, «Көшбасшылар мектебі», КТК мектеп лигасы, аудандық дебат клубы), балалар музыка мектебімен – 60 оқушы, бөлімдермен ауданның 3 мектебі қамтылған. 3 клуб белсенді жұмыс істейді: 1 «Акварелька» қолданбалы-сәндік бағытта (Лесное ОМ), 2 «Беркут» туристік-спорттық клубы (Балкашин №1 ОМ) және «Арыстан» (Сандықтау ОМ).
Материалдық-техникалық жабдықтау.
Бейнебақылау жүйесімен 6 мектеп жабдықталған.
Ағымдағы жылы 27 мектепте 221 мың теңге сомасына мектептердің ағаш құрылымдарын өрттен қорғау жабынымен өңдеу бойынша жұмыстарды өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар 1188,8 мың теңге сомасына АӨҚ техникалық қызмет көрсету жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың соңына дейін асханаларға арналған жабдықтарды 892мың 07 теңге сомасына алу жоспарланған. Аталған уақытта 28 мектептің 19 мектебінде ас қоймалары жаңартылған жабдықталған.
Технология кабинеттеріне (Приозерное ОМ, Новоникольск ОМ, Каменка ОМ) 317,4 мың теңге сомасына тігін машиналары алынды.
Аудан мектептеріне арналып жалпы сомасы 2002,7 мың теңге сомасына мемлекеттік рәміздер – ҚР Туы, ҚР Елтаңбасы алынды.
Барлық мектептерде, бала бақшаларда және ҚБ мектептер қазандықтарының ағымдағы жөндеуі өткізіледі (от қазандықтарын ақтау, тазалау және сырлау). 2 мектепке 3 от қазандығы алынды және орнатылды (Широковская НМ-2, Спасская НМ-1).
Мектептер мен мектептердің от қазандықтарының ағымдағы жөндеуіне бөлінген бюджеттік құралдардың сомасы 6 млн. 504 мың теңгені құрайды, демеушілік құралдардың сомаксы – 1 млн. 324 мың 370 теңге.
Одан басқа, аудан мектептерінде ағымдағы жөндау жұмыстары өткізілді: мектеп кабинеттерін, спорт және мәжіліс залдарын, мектеп дәліздерін ақтау, сырлау, жағу жүйесінің бөлшектік жөндеуі, мектеп қасбетін жөндеу.