Текст
2019 жылдың 18 қазан күні Балкашин №2 орта мектебінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдерімен Президенттің Жолдауы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бағдарламалық құжаттағы әр бағыт іс жүзінде қоғамның барлық саласын қозғайды. Президент жолдауын меңгеру барысында білім беру саласына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысының осы Жолдауда берген барлық тапсырмалары өзекті әрі терең зерттелген.
Сондай-ақ, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері оқу орнына түсу бойынша насихаттау шараларын өткізді. Оқушыларға оқуға түсу, тұру және оқу шарттары бойынша ақпарат толық жеткізілді.