«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылғы 16 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

16.11.2022
  • Бүгін, 2022 жылғы 16 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинарға директорлар, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ Сандықтау ауданының пәндік қауымдастықтарының басшылары қатысты. Бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалды, Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті аудан педагогтарына әдістемелік көмек көрсетті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
    • Педагог қызметкерлерге озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға және авторлық бағдарлама жазуға материалдарды ресімдеуде ғылыми-әдістемелік көмекті ұйымдастыру.
    Қожахметова Слушаш Тельмайқызы - Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің, курстық даярлық бөлімінің басшысы.
    • Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі талаптар.
    Даниярова Жанаргүл Құсніденқызы - Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері.
    • "Үздік педагог"атағына құжаттарды ресімдеуде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек ұйымдастыру.
    Нұрмағанбетова Гүлназ Заркейқызы - Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері.
    Сандықтау ауданының педагогтар қауымының атынан облыстық оқу-әдістемелік кабинетке , сондай-ақ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директорына Құрманғалиева Ляззат Сураганқызына бірлескен жұмысы және қолдауы үшін Алғыс білдіреміз.
     
  •  
  •  
Просмотров: 1455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст