«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2020

Жазғы мезгіл – біздің балаларымыздың ең жақсы көретін мерзімі және жаз осы мерекеден басталады. Жас ұрпақ біздің қамқорлығымызда екендігін есімізден шығармайық  Біз әр баланың өміріне жауаптымыз.

Біздің ауданымыздың әрбір кішкентай және жас тұрғыны отбасында сүйіспеншілікте өскенін қалаймыз. Бұл сезім әр адамның бойында бар және оны көрсету үшін қаржы мен бағдарламаның қажеті жоқ.  

Бұл мерекеде біз ата-аналарға, мұғалімдерге және еліміздің жас азаматтарының тәрбиесі мен дамуына күш, білім жұмсайтын, оларға жылулық сыйлайтын баршаңызға алғыс айтамыз. Өйткені, өмірдің басында әр адамның сүйіспеншілігі мен нәзіктігі, жақын адамдарының жылуы мен қолдауы, жанұядағы бейбітшілік пен келісім болуы өте маңызды!

Біздің балалар дені сау және бақытты болып өссін, ересектер гүлдене берсін! Бұл күні әр үйде күлкі естіліп, күлімсірей берсін. Құрметті ата-аналар, балаларға қамқорлық жасаңыз, оларды қорғаңыз, сүйіңіз және құрметтеңіз! Балалар - бұл біздің үміттеріміздің көрінісі. Біз болашағымызды олардың қолына тапсырамыз, және олардың көмегімен біз адамгершілікті, әділетті және өркендеген қоғам құра аламыз.

Ал, балалар сендерге көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас мерекелер мен жарқын әсерлер. Ойнап, күліп, көңіл көтеріп, демалыңыз, күш пен денсаулық алыңыз. Бізді қазіргі және болашақтағы жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізбен қуанта беріңіз!

Болашақта жер жүзінің қай түкпірінде, туған үйлеріңнен   алыста немесе жақында болсаңдар да, туған жерлерің, балалық шақтарың өткен, өздеріңнің шағын Отандарыңды ұмытпаңдар.

Шын жүректен сендерді Балаларды қорғау күнімен және жаз мерзімінің алғашқы күнімен құттықтаймын!

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст