Ағымдағы жылдың 28 қазанында аудандық пән мұғалімдері қауымдастығының жұмысы аясында on-linе форматта аудандық химия және биология мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында биология және химия пәндерінен білім алушылардың жеке-топтық іс-әрекетінің мазмұны және ұйымдастырылуы».
Талқылау үшін келесі сұрақтар таңдалды:
1. «2020 жылдың бірінші оқу тоқсанының аяқталуын ескере отырып, химия және биология пәндерін бағалаудың ерекшеліктері»
Вдовина Татьяна Николаевна, АӘК әдіскері.
2. «Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында химия және биология пәндерін оқытудың өзекті формалары мен әдістері»
Ким Алла Ивановна, Лесное ОМ химия және биология мұғалімі.
3.«Биология және химия сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану»
Погорелова Людмила Павловна, Каменка ОМ химия және биология мұғалімі.
4. «Биология және химия сабақтарында сыни ойлауды дамыту»
Неволько Юлия Александровна, Балкашин №1 ОМ биология мұғалімі.
Брант Ирина Михайловна, Максимовка ОМ химия мұғалімі.
5. Қорытындылау.
Отырысты өткізу барысында мәселелер белсенді талқыланды. Қорытындылай келе, ұсыныстар қабылданды, мұғалімнің жұмысына қажетті материалдары бар электронды үлестірме материал әзірленіп, барлық қатысушыларға берілді.