Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу күні 1959 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары декларациясын қабылдау құрметіне таңдалды. Сол күні 1989 жылы Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды, онда балалардың ұлтына, түсіне, мүліктік жағдайына, қоғамдық тегіне қарамастан білім беру, тәрбиелеу, рухани және физикалық даму, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы тең құқықтары жарияланды. Сондықтан 20 қараша күні әлемнің барлық балаларына арналған күн болып саналады.
Осыған байланысты Сандықтау ауданының білім беру ұйымдарында 2020 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына дейін Дүниежүзілік балалар күніне арналған айлық аясында түрлі іс-шаралар өтті.
Мектептерде сынып сағаттары, конкурстар, викториналар ойындары, құқықтық сабақтар ұйымдастырылды, онда балаларға олардың құқықтары, құқықтарын қорғау туралы, балалардың құқықтарын қорғауға арналған қызметтер туралы айтылды, егер құқықтар бұзылса, қоңырау шалуға болатын жедел желі телефондарының нөмірлері айтылды, жадынамалар таратылды. Мұндай іс-шараларды өткізудің мақсаты: оқушыларға қоғамның қазіргі заманғы құқықтық және моральдық құндылықтары туралы өз түсініктерін алуға көмектесу, оқушылардың жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы құзыреттілігін дамытуға ықпал ету.